USD
USD
USD

«Грэмми» табыстау рәсімі кейінге шегерілді

Премияны салтанатты табыстау күні нақты жарияланған жоқ. Болжамға сәйкес, көктемде болуы мүмкін

«Грэмми» табыстау рәсімі кейінге шегерілді
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. АҚШ дыбыс жазу академиясының «Грэмми» премиясын табыстау рәсімі коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілді. Ол 31 қаңтарда өтуі тиіс болатын. Бұл туралы Rolling Stone журналы хабарлады.

Басылымның мәліметіне сәйкес, салтанатты рәсімнің өтетін нақты күні жарияланбай отыр. Алайда ұйымдастырушылар наурыз айында болуы мүмкін екенін айтты.

«Грэмми» – шоу-бизнес әлеміндегі ауқымды премия. Ол жыл сайын табысталады. Музыкалық әлемдегі басты оқиға саналады. Әншілердің, дыбыс жазушылардың және продюсерлердің еңбегі еленеді.

Еске сала кетсек, қазақстандық Иманбек Зейкеновтің Saint jhn «Roses» әніне жазған ремиксі «Үздік ремикс» номинациясында 2020 жылғы Грэмми сыйлығына ұсынылды. Imanbek 20 жастағы ақсулық диджей және музыкалық продюсер.

Қазір оқып жатыр

Алматыда футбол алаңына партия туымен жүгіріп шыққан жанкүйер ұсталды

Артспорт

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.