USD
USD
USD

Грэмми иегері Иманбек «Құрмет» орденімен марапатталды

Қазақстандық «Грэмми» лауреаты Иманбек Зейкеновке елдің ең беделді марапаттарының бірі – «Құрмет» ордені табысталды.

Иманбек
Фото: facebook.com/aida.balayeva

Астана, NEGE. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Республика күніне орай мемлекет басшысы елдің экономикалық және қоғамдық өмірін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан азаматтарды марапаттау туралы жарлыққа қол қойған. Алайда олардың кейбірі сол сәтте елден тыс жерде болып, наградаларын уақытылы ала алмаған.

«Бүгін осындай құрметті марапаттарды өз отандастарымызға табыстау мен үшін ерекше мәртебе болды», – деп жазды Аида Балаева Facebook парақшасында.

«Құрмет» орденімен Иманбек Зейкенов қана емес, Конфессияаралық және дінаралық диалог орталығы жанындағы Съездің бастамаларын іске асыру департаментінің бұрынғы басшысы Қарлығаш Қалилаханова да марапатталды.

Тоқтар
facebook.com/aida.balayeva

Сонымен қатар актер Еркебұлан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.

Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

.

Бекет ата жерасты мешіті бастаған бес киелі орын ЮНЕСКО тізіміне енді

.

Қазақстандықтар БАӘ-де жүргізуші куәлігін емтихансыз айырбастай алады

жолдағы жылдамдық