USD
USD
USD

Грек-рим күресінен Әлімхан Сыздықов алтын алды

Бүгін Азия чемпионатында грек-рим күресінен Әлімхан Сыздықов ел құрамасынан алғашқы алтынға қол жеткізді. 

Грек-рим күресінен Әлімхан Сыздықов алтын алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол финалда 130 келі салмақта оңтүстіккореялық Ким Мин Сокпен кездесті. Қазақстандық балуан жарыстың алғашқы сатысында қарсыласынан 9:0 есебімен басым түсті.

Осылайша жеңіске ертерек қол жеткізді. Өз салмағында Азия чемпионы атанды.

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Аманғали Бекболатов (55 келі), Мейрамбек Айнағұлов (63 келі) и Мақсат Ережепов (77 келі) күміс медаль алды.

Ал Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) жұбаныш финалында қарсыласын жеңіп, қола жүлдегер атанды.

Жарыс кестесіне сәйкес ертең, 20 сәуірде 60, 67, 72, 82 және 97 келідегі спортшылар бозкілемге шығады.

Азия чемпионатында ел намысын 10 балуан қорғауда.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық жастарға Президенттің кітабы тарту етілді

Президент кітабы

Бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Алматы облысын басқаратын болды

Шыңғыс Әрінов

Көкшетау әкімдігі құны 70 млн теңге болатын 2,4 га жерді заңсыз берген

Жер учаскесі

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысы әкімі қызметінен босатылды

Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ