USD
USD
USD

Грекиядағы мейрамханалардың 45%-ін банкрот күтіп тұр

Грекиядағы мейрамханалар мен дәмханалар үкіметтен қосымша көмек сұрап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Грекиядағы мейрамханалардың 45%-ін банкрот күтіп тұр
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Туризмге тәуелді елде 80 мың тамақтану орны өткен жылдың қыркүйегінде жарияланған локдаун кезінде жабылған. Осы бизнес нысандарында 350 мың адам жұмыс істеп келген. Карантин тұсында олардың аз ғана бөлігі індет жағдайына бейімделіп, жеткізу қызметін жолға қоя алған. Бірақ мамандардың пікірінше, мейрамханалар мен дәмханалардың 45%-ін банкрот күтіп тұр. Ел астанасы Афина мен басқа қалаларда наразылыққа шыққан кәсіпкерлер кеңселерінің кілтін жәшікке тастады. Әрі қарай оны бизнесмендер Премьер-министрге табыстап, биліктен қаржылай көмек сұрамақ. Естеріңізге сала кетейік, Грекияда 9 ақпаннан бастап жаңа шектеу шаралары жарияланған болатын. Джианнис Чатзитеодозиу, Афинадағы сауда палатасының президенті: - Мейрамханалардың жабық тұрғанына бір жылдан асты. Кәсіби тұрғыдан да, жеке тұрғын ретінде де құрдымға кетіп барамыз. Бизнес саласы бір жұтым оттегі жетпей, өліп бара жатқан шарасыз адам сияқты. Үкімет тез арада қол ұшын созуы керек.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары