USD
USD
USD

Грекиядағы ең жас депутат Шымкентте дүниеге келген болып шықты

Апациди қазақстан-грек ынтымақтастығын, онда да оны парламентаралық диалог арқылы кеңейтуді жақтайтынын айтты.

Грекиядағы ең жас депутат Шымкентте дүниеге келген болып шықты
Фото: NEGE.kz

Шымкентте дүниеге келген Мария Апациди Грекия парламентіндегі ең жас депутат болып табылады, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің желідегі парақшасында Қазақстанның елшісі Алексей Волковтың Грекия парламентінің мүшесі Мария Апацидимен кездескені туралы ақпарат жарияланды. Сондай-ақ грек депутатының Шымкентте дүниеге келгені және Грецияның заң шығарушы органындағы ең жас өкіл екені де атап көрсетілген.

Волков пен Апациди қос ел арасындағы екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Апациди қазақстан-грек ынтымақтастығын, онда да оны парламентаралық диалог арқылы кеңейтуді жақтайтынын айтты.

- Қазақстанның тумасы болып табылатын депутат өткен ғасырдың соңында тарихи Отанына оралған этникалық гректердің қазіргі Қазақстанға деген қызығушылығы артып отырғанын атап өтті, - дейді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі.

Өзара туристік потенциалды едәуір кеңейту бойынша қос тарап пікір алмасты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy