USD
USD
USD

Грекияда коменданттық сағат енгізіледі

 Грекия үкіметінің басшысы Кириакос Мицотакис 24 қазаннан бастап COVID-19 қауіпті вирусына қарсы іс-әрекеттер қолдану мақсатында жаңа карантин шектеулері енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Keep Talking Greece басылымы хабарлайды.

Грекияда коменданттық сағат енгізіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 24 қазан күнгі таңғы сағат 6-дан бастап елде маска тағу режимі енгізіледі. Енді тұрғындар масканы тек ғимарат ішінде ғана емес, көшелерде тағуға да міндетті болады. Бұдан басқа, эпидемиялық жағдайы күрделі аймақтарда коменданттық сағат енгізіледі. Ол түнгі сағат 00:30-дан таңғы 5:00-ге дейін созылады. Соңғы тәулік ішінде Грекияда коронавирус жұқтырудың 882 жаңа оқиғасы тіркелген. Бұл - елде эпидемия басталғалы ең үлкен көрсеткіш. Басылымның атап өтуінше, карантиндік шектеулердің енгізілуіне індеттің өршуі себеп болған. Соңғы мәліметтер бойынша, Грекияда COVID-19 вирусына шалдығудың 28 216 оқиғасы расталған, коронавирус инфекциясынан 549 адам қайтыс болды. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy