USD
USD
USD

Грекиядағы шатақ: Аралды өртегендер арасында олигарх Әбілғазин мен банкир Шаяхметова болған

Олигарх Данияр Әбілғазин Грециядағы орманды өртеу оқиғасына қатысын жасыруға тырысқанымен, оның жанжалға қатысы бар екені расталды, деп хабарлайды Maitanov_online телеграм каналы.

Яхта
Фото: ғаламтордан

Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлықты хабарлау жобасының (OCCRP) журналистері алған құжатқа сәйкес, Persephone I яхтасының қонақтары арасында жеті қазақстандық болған.

Тізім
Фото:әлеуметтік желіден

Олардың арасында еліміздегі ең бай кәсіпкерлердің бірі Данияр Әбілғазин де бар. Тергеу құжаттары көрсеткендей, бортта Әбілғазиннің ұлы мен әйелі Айдан Сүлейменова болған. Сондай-ақ, қонақтардың арасында «Халық Банктің» басшысы Үміт Шаяхметова оның күйеуі KMG International NV ұлттық мұнай компаниясының бұрынғы топ-менеджері Бейімбет Шаяхметов және олардың қызы болғаны анықталды.

Данияр Әбілғазин
Фото: әлеуметтік желіден

Өрт болған күннің ертеңіне ұшу жазбалары Әбілғазиннің үнемі пайдаланатын жеке ұшағының Афины әуежайынан Грек аралы өртенген күннен кейін Алматыға ұшып кеткенін көрсеткен.

Ұшу тізімі
Фото: әлеуметтік желіден

Өрт болған кезде бай қазақтар отырған яхта Гидраның шеткері ауданында болған. Бастапқыда олардың өртке тікелей кінәсі бар-жоғы айтылған жоқ еді. Алайда аралдың әкімі Гиоргос Кукудакис тергеудің қортыныдысы шыққан соң, барлық кінәлілерге шара қолданылатынын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция