Грекияда орман өрті күшейіп, тұрғындар жаппай эвакуациялануда
Грекияда орман өрттері әлі де бақылауға алынған жоқ. Елдің бірнеше аймағында жалын күшейіп, ондаған елді мекеннің тұрғындары көшірілуде, деп хабарлайды Anadolu.
Алматы, NEGE. Қиын жағдай Ахея, Хиос (Сакыз) аралы және Эпир өңірінде байқалады. Өртпен күреске 4 850 маман жұмылдырылған.
Хиос аралының солтүстік-батысындағы ауылдар толық эвакуацияланды. Өрт ауыл шаруашылығы алқаптарына, ормандарға, фермаларға, қоймаларға және көліктерге айтарлықтай зиян келтірген. Лимния аймағынан шамамен 40 адамды жағалау күзеті мен жеке қайық иелері теңіз арқылы алып шықты. Эпир өңіріндегі Превеза аймағында жалын 30 шақырымға дейін таралып, ондаған ауыл тұрғындары эвакуациялануға мәжбүр болды. Грекия өрт сөндірушілер қауымдастығының төрағасы Костас Цигас жергілікті телеарнаға берген сұхбатында жағдайды «драматикалық» деп сипаттап, ең қауіпті ошақтардың Патра және Превезада екенін айтты. Оның сөзінше, өрт елді мекендерге жақын аумақтарға таралуда.
Айта кетейік, шілде айының соңында Грекия билігі ел аумағында болған бес ірі өртке байланысты Еуропалық одақтан ресми түрде көмек сұраған еді.
Қазір оқып жатыр
«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі
Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды
Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды