USD
USD
USD

Грекия аралындағы өртке қатысы бар делінген қазақстандық олигарх мәлімдеме жасады

1 шілдеде Forbes Kazakhstan басылымының редакциясына қазақстандық кәсіпкер Данияр Әбілғазиннен мәлімдеме келіп түскен. Бұл туралы Forbes Kazakhstan редакциясы хабарлады.

Данияр Әбілғазин
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Редакция мәлімдемені толық жариялады.

«Грекияның Гидра аралында болған өртке байланысты өкініш білдіремін. Түсіндіре кетейін, «Персефони I» яхтасын 2024 жылдың 15 маусымы сағат 12:00-ден (түстен кейін) 2024 жылдың 22 маусымы 12:00-ге дейін Грекия аралдарында қонақтарыма круиз ұйымдастыру үшін жалға алдым. Бастапқыда 22 маусым Грекиядан кетер алдында бізбен Грекия билігінің өкілдері сөйлесті. Олар оқиғаға байланысты маған немесе менің қонақтарыма ешқандай шағым айтқан жоқ. Осылайша, біз алдын ала белгіленген саяхатымызды жалғастыра бердік. Айта кету керек, кейбір қонақтар 2024 жылдың 21 маусымында таңертең кетіп қалды

Қайтып оралған соң баспасөзде жарияланған айыптаулар туралы білу біз үшін күтпеген жағдай болды және мен кез келген заң бұзушылықты үзілді-кесілді жоққа шығарамын. Мен де, менің қонақтарым да өртке апарып соғуы мүмкін әрекеттерді жасаған жоқ. Яхтада белгіленген өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтадық. Мен де, менің қонақтарым да яхта экипажынан немесе басқа үшінші тараптардан өртке әкелуі мүмкін қандай да бір әрекеттерді жасауды сұраған жоқ.

Біз әрқашан барлық қажетті қауіпсіздік шараларын және мұндай оқиғаларды болдырмау үшін заң мен ережелерді қатаң сақтаймыз. Біз Грекия билігімен олардың тергеуіне ынтымақтасатын боламыз.

Тергеу жалғасып жатқандықтан, қосымша түсініктеме беру немесе болжам жасау орынсыз», - делінген Данияр Әбілғазиннің мәлімдемесінде.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

DIFS

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

ұрлық

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Ақша

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Қыздар