USD
USD
USD

Грек-рим күресінің шеберлері халықаралық турнирден бес медаль жеңіп алды

Ресейдің Новосибирск қаласында грек-рим күресінен Аксенов мемориалы аяқталып, қазақстандық балуандар жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп жазады Olympic.kz.

Күрес
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Турнир барысында екі қазақстандық балуан финалға шығып, бірі алтын, бірі күміс иеленді.

Атап айтар болсақ, 55 келідегі Аманғали Бекболатов күміске қол жеткізсе, Ғалым Қабдунасаров 60 келіде чемпион атанды.

Биылғы Азия чемпионы Ержет Жарылқасын мен әлем чемпионатының жүлдегері Мейрамбек Айнағұлов (екеуі де 63 келі) турнирдің қола медалін жеңіп алды.

72 келі салмақта Әділхан Сатаев үздік үштікке енді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты