USD
USD
USD

«GREEN CROSS ECO» ЖШС ЖЫЛЫНА 200 МЛН ДАНА ИНСУЛИНДЫ ИНЕЛЕР ШЫҒАРУҒА ҚАУҚАРЛЫ

Медицинада адам өмірі үшін аса маңызды инсулинды инелер енді өзімізде өндіріледі. «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан «GREEN CROSS ECO» ЖШС жылына 200 млн дана шприцтерге арналған инсулинды инелер өндіруге қауқарлы.

«GREEN CROSS ECO» ЖШС ЖЫЛЫНА 200 МЛН ДАНА ИНСУЛИНДЫ ИНЕЛЕР ШЫҒАРУҒА ҚАУҚАРЛЫ
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Бұрын инсулинды инелер шетелден әкелінетін. Жаңа бағыттағы өндіріс орны өзімізді қамтып қана қоймай, шетел нарығына шығаруды көздеуде.

Жоба құны - 500 млн тенге. 55 жаңа жұмыс орны құрылады. Өндіріс орнын 2020-2021 жылдары іске асыру межеленген. Бүгінде құрылыс монтаж жұмыстары 100 % толық аяқталды. Қазір құрылғыларды орнату жұмыстары атқарылуда.

Қала әкімі кәсіпорынның қазіргі жағдайымен және болашақ жоспарларымен танысты.

– Шығарылатын өнімдерге сұраныс бар. Өзімізде өндірілген фармацевтика өнімдерді кеңінен қолдау қажет – деді қала әкімі.

Жаңа кәсіпорын медициналық бұйымдар өндірісіне осылайша серпін бермек. Шаһар басшысы бұл бағытта жергілікті кадрларды даярлау және жұмысқа тартудың маңызына да тоқталып өтті.

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком