USD
USD
USD

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

Қазақстанда әкімдіктер бөлетін мемлекеттік білім беру гранттарына өтініш қабылдау басталды.

грант
Фото: ser-per.kz

Астана, NEGE. Биыл жергілікті атқарушы органдар бакалавриат, магистратура және резидентура бағдарламалары бойынша 2392 грант бөлді. Гранттар өңірлерге қажетті және басым мамандықтар бойынша беріледі.

Ең көп грантты Астана қаласының әкімдігі бөлді – 303 грант.

Одан кейін:

  • Шымкент – 285;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 270;
  • Батыс Қазақстан облысы – 211;
  • Абай және Түркістан облыстары – 200-ден;
  • Ақмола облысы – 199;
  • Қарағанды облысы – 198;
  • Атырау облысы – 187;
  • Маңғыстау облысы – 163 грант бөлді.

Қалған өңірлердің әрқайсысы 100-ге жуық грант ұсынған.

«Конкурсқа қатысу үшін талапкерлер өздері таңдаған жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына өтініш беруі қажет. Өтінішке білім алғаны туралы құжат, негізгі ҰБТ сертификаты, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, сондай-ақ жеңілдік санатын растайтын құжаттар (бар болған жағдайда) қоса тапсырылады», – делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында.

Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдардан және жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алуға болады. Білім беру гранттарын беру туралы шешімді тиісті әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды.

Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер