USD
USD
USD

Grand Prix Zagreb Open: Азамат Дәулетбеков күміс жүлдегер атанды

Күрес түрлерінен Хорватияда өтіп жатқан әлемдік рейтингтік турнирде Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп жазады Olympic.kz.

Азамат Дәулетбеков
Фото: оlympic.kz

Алматы, NEGE. Еркін күрестен 86 келіде Париж Олимпиадасының жолдама иеcі, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков осы жолы күміс жүлдеге ие болды.

Алдымен 1/16 финалда Азамат үндістандық Дипак Пунияны оңай ұтты – 6:2. Дипак оңай шағылар жаңғақ емес еді, себебі ол – былтырғы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сонан соң Валентин Бабилге еш мүмкіндік қалдырмады – 11:0. Ал ширек финалда грузиялық Евсем Швелидзені ұтты – 10:0.

Израильдік қарсыласы Матт Файнсилверді осы есеппен жеңіп, финалға шықты.

Ал финалда жерлесіміз болгариялық Магомед Рамазановпен кездесіп, қарсыласына жол берді. Магомед – тәжірибелі балуан. Ол Ресей сапында 2019 жылы әлем кубогында топ жарған, 2024 жылдан бастап Болгарияның намысын қорғайды.

Қазір оқып жатыр

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors

«Анархия орнайды деп ойламаймын»: Депутат бизнесті тексеруге мораторий енгізуге қатысты пікір білдірді

Бизнес

«Бізде бай депутаттар көп емес»: Айдос Сарым әріптестерінің әл-ауқаты туралы айтты

Айдос Сарым