USD
USD
USD

Градскийдің жесірін тонаған күдікті ұсталды

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Александр Градскийдің жесірі Марина Коташенконы тонауға қатысы бар деген күдікпен бір адамды ұстады, - деп хабарлайды "Известия" сайты. 

Градскийдің жесірін тонаған күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. БАҚ мәліметінше, жалпы үш адам шабуыл жасаған. Ұсталған адам базарда жұмыс істейтін Тәжікстан азаматы болып шықты. Тағы бір күдікті Қазақстанда жасырынғаны, үшіншісінің жеке басын анықтау мүмкін болмағаны айтылды. Коташенконың тонауды әдейі ұйымдастырғаны туралы нұсқа расталмады.

Бұған дейін Марина Коташенко қарақшылар құрбаны болғаны хабарланды. Қылмыскерлер Александр Градскийдің жесіріне жол апатын жасап, тұзаққа түсіріп, кейін оны тонап кеткен.

Оқиға қала шетінде болған. БАҚ мәліметінше, Марина Коташенко көлікпен келе жатқанда, кенет оған басқа көлік соқтығысқан. Әйел көліктен түскенде, оған үш ер адам шабуыл жасаған. Кейін олар әйелдің көлігіне отырып, қару кезеп, қорқыта бастаған. Олар Коташенконың үйіне қайтып барып, шамамен 100 миллион рубль алып кеткен.

Қазір оқып жатыр

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино

ORDA желілік басылымы 1 қыркүйектен бастап жұмысын тоқтатпақ

Orda.kz