USD
USD
USD

Алматыдағы Горельник шатқалында жаңа жаяу жүргіншілер көпірі бой көтереді

Қыркүйек айында Алматының маңындағы Горельник шатқалында ұзындығы 77 метр болатын Arman-köpir атты жаяу жүргіншілер көпірі пайдалануға беріледі.

Горельник шатқалы
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Көпір шатқалдың екі жағын жалғап, оқушыларға арналған болашақтағы «Мың бала» спорт клубына жол ашпақ.

Жоба Еуропа таулы аймағында аспалы көпір салумен танылған швейцариялық компаниямен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Көпір жер бедеріне бейімделіп салынған, халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай келеді.

Горельник шатқалы
Фото: gov.kz

Сонымен қатар балалар мен спорт топтарының және оқу-жаттығу жиындарына қатысушылардың жайлы өмір сүруіне мүмкіндік беретін мынадай нысандар салынады:

• ауданы 912 м² спорт залы

• балалар мен спорт командаларына арналған 12 модульді тұрғын капсула

• ашық аспан астында жаттығу жасауға арналған арнайы алаң

Көктемде осы шатқалда ұзындығы 285 метрлік жарықпен және тынығу бұрыштарымен жабдықталған «Жұмбақ жол» экосоқпағы ашылған болатын.

Бұл жобалар экотуризмді дамытуға, табиғатты аялауға жол ашып, балаларға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев