Google Тәжікстанға салық төлейтін болды
Google Тәжікстанда Facebook-тен кейінгі салық төлеуші ретінде тіркелді, –деп хабарлайды РИА Новости.
Алматы, NEGE. «Google және Facebook Ireland Ltd 3 наурызда салық комитетінде шетелдік компаниялар көрсететін электрон қызметке салық төлеуші ретінде тіркелді», – деп хабарлады елдегі Салық комитеті баспасөз қызметі өкілдері.
Электрон қызмет көрсететін шетелдік тұлғалар республика бюджетіне қосылған құн салығын төлеуі қажет. Заң 17 қаңтардан бастап күшіне енді. Бұл Тәжікстан жеке тұлғаларына ақпарат сататын шетелдік қызметтерге қатысты.
Заң бойынша, шетелдік компаниялар салық органдарында электрон қызмет көрсете бастаған уақыттан 20 күнтізбелік күн ішінде тіркелуге міндетті. Кейіннен декларация салық органдарына салық төлеушінің жеке кабинеті арқылы беріледі, ол ағылшын тілінде қолжетімді.
Қазір оқып жатыр
Қазақстанда бүгіннен бастап электрсамокат пайдалану ережесі күшейді: не өзгерді?
Тоқаев қазақстандықтарды жаңа Конституцияның күшіне енуімен құттықтады
«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті
Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген