USD
USD
USD

Google компаниясы іздестіру сайтын Австралияда бұғаттап тастайтынын мәлімдеді

 Австралия тұрғындары үкімет пен алпауыт интернет-компаниялар арасында туындаған дауға алаңдап отыр.

Google компаниясы іздестіру сайтын Австралияда бұғаттап тастайтынын мәлімдеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кәсіпкерлер парламентте қарастырылып жатқан заң жобасына қарсы. Оған сәйкес интернет-платформалар жариялаған жаңалықтары үшін осы мақалаларды жазған ақпарат құралдарына ақша төлеуі тиіс. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, осы контентті тегін таратып, алпауыт интернет компаниялары тұтынушылар саны мен пайдасысын өсіреді. Ал жаңалық шығаратын ақпарат құралдары, әсіресе жазба басылымдары қомақты қаражаттан қағылады. Үкіметтің мәліметінше, Австралия басылымдары 2005 жылдан бері жарнамадан түсетін табыстың 75 процентінен айырылды. Ал онлайн-жарнамаға келетін болсақ, одан түсетін пайданың 81 проценті Google мен Фейсбуктың үлесінде. Өткен аптаның аяғында Google компаниясы бұл заң қабылданса, интернетте іздестіру сайтын Австралияда бұғаттап тастайтынын мәлімдеді. Ал ел билігі өз райынан қайтпайтынын жеткізді.

Жауапты технологиялар орталығының директоры Питер Льюис: "Біз демократия талаптарымен жұмыс істеп жатырмыз. Өзіміз сайлаған өкілдеріміз заң шығарады. Google Австралиядағы тұтынушыларын қадірлейтін жол табады деген үміттемін. Өйткені осындай желілердің барлығы пайдаланушылардың арқасында күнін көріп жүр. Егер оларды сыйламаса, бар күшінен айырылады" деді.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия