USD
USD
USD

Google Қазақстаннан 5 жарым есе қымбат

Бүгін Google алпауытын басқаратын Alphabet компаниясы құны 1 триллион доллардан асатын компаниялар тізіміне ресми түрде кірді. Nasdaq биржасындағы Alphabet акциялары 0,76% -ға қымбаттап, 1450,16 долларға жетті. Бұл - компания тарихындағы абсолютты рекорд.

Google Қазақстаннан 5 жарым есе қымбат
Фото: NEGE.kz

"Бұған дейін тек үш IT-компания нарықта осындай жетістікке қол жеткізе алған еді" деп жазады Forbes. Триллион асуынан асқандар арасында Apple, Microsoft және Amazon бар. Енді Google да осы қатарда болмақ. Жыл басынан бері Alphabet акциялары өз құнын 7 пайызға көтеріп үлгерген. Bloomberg инвесторлардың Google жарнамадан тапқан табысының 20 пайызға өсіп, 160 млрд доллардан асқаны туралы есеп беруін күтіп отырғанын айтады. Google қазір әлемде жарнама және маркетинг нарығының көшбасшы компаниясы болып отыр.

Фото: haberler.com

Жарнама - Google үшін ең маңызды табыс көзі. Ал Alphabet құрылымындағы табыстың 99,6 пайызын Google-дың іздеу жүйесі алып келген. "Мобильді жарнама сегменті өсіп, ол 2018 жылы десктоптағы жарнаманы басып озды" деп түйіндеді RBC Capital Markets сарапшысы Марк Махани. Ең қызығы, 2020 жылы Google байыған үстіне баий түседі. Биыл АҚШ-та президент сайлауы өтеді. Оның аясында компанияға келетін саяси жарнамадан мол табыс түседі деп күтілуде.

Қазір Қазақстанның ішкі жалпы ұлттық өнімі 177 миллиард доллар деңгейінде екенін ескерсек, Гуглдың бізден бес жарым есе қымбат екенін бағамдай аламыз. Бірақ оның өзі жел есе алмай қалатын алпауыт бар. Әлемдегі нарықтық құны ең қымбат компания - Saudi Aramco. Сауд Арабиясы ұлттық мұнай компаниясының капиталдануы қазір 2 триллион доллардан асады. 

Қазір оқып жатыр

Харри Кейн алғаш рет «Алтын доп» иегері атанды

Харри Кейн

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»