USD
USD
USD

Google қашықтан жұмыс істейтіндердің жалақысын қысқартпақ

Жақында Google қызметкерлерінің жалақысы қысқарады.

Google қашықтан жұмыс істейтіндердің жалақысын қысқартпақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Компания тұрмыс-тіршілігі арзан аудандарға көшкен қашықта жұмыс істейтіндердің айлығын азайтпақ, деп жазады Reuters. Тұратын жері жалақыға қалай әсер ететінін Google қызметкерлері арнайы калькулятормен есептей алады. Онда үйден  жұмысқа дейінгі қашықтық көрсетіледі. Тек Нью-Йорк штатындағы қызметкерлер ғана қашықтан жұмыс істеуге көшкенде табысының бір бөлігін жоғалтпайды. Google өкілдері оларға кеңсе қызметкерлерімен бірдей ақша төлеуді тоқтатпайтынын айтты. Әлемдегі басқа да кейбір компаниялар еңбекақы төлеудің ұқсас жүйесін пайдаланады.

Мысалы, Facebook пен Twitter де тұрмыс-тіршілігі арзан аудандарға көшкен қызметкерлердің жалақысын қысқартты. Осы бағытта жүргізілген зерттеулер американдықтардың көпшілігі қашықтан жұмыс істеу үшін ақшаның бір бөлігінен бас тартуға дайын екенін көрсеткен. Сұралғандардың шамамен 65% жалақының 5%-ке төмендеуіне қарсы емес, ал 46% қашықтан жұмыс істеу үшін тіпті демалыс күндерін қиюға дайын екендігін айтқан.

Қазір оқып жатыр

Ресейдегі қауіпті инфекция Қазақстанға таралуы мүмкін бе: ДСМ жауап берді

дәрігер

Астанада қоғамдық көлік жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Автобус

Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья 9 жылға сотталды

Бұрынғы сот төрағасы

Тоқаев экс-министр Азамат Есқараевты Үндістаннан алдырып, жаңа қызметке тағайындады

Азамат Есқараев