Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Google бірнеше миллион жалған жарнаманы өшіріп тастады

 «Google» (Гугл) компаниясы коронавируспен күрес мақсатында түрлі тауарлар мен қызметтерге қатысты 250 миллионнан астам жарнаманы сайтынан алып тастады.

Google бірнеше миллион жалған жарнаманы өшіріп тастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Брюссельде әділет мәселелері жөніндегі еурокомиссар Дидье Рейндерс мәлімдеді. Еурокомиссия қазір жасанды ақыл жүйесінің Еуропа тұтынушыларының қауіпсіздігіне ықпалын зерттеп жатқан көрінеді. Оның ішінде жасанды ақылды қолдану арқылы жеке мәліметтер ұрланады. Яғни осындай жүйені пайдаланудан тұтынушыларға төнетін қауіп бар. Зерттеудің қорытындысы бойынша Еуроодақтың жеке реттеуші нұсқауы шығады.

Әділет жөніндегі еурокомиссар Дидье Рейндерс: "Коронавирустан кейінгі әлемді құруда тұтынушыларды жаңа сын-қатерлер күтіп тұр. Еурокомиссия мен Еуроодақ елдерінің ұлттық қоғамдары азаматтарды қорғау үшін 11 жетекші электрондық платформаммен бірлесіп әрекет етіп жатыр. Ішінде «Amazon» мен Фейсбук бар. Мысалы, «Гугл» компаниясы індет басталғалы коронавируспен күресуге көмектеседі деген алаяқтық жарнамасы бар 250 миллионнан астам хабарды жойды. Ал eBay (иБэй) электрондық аукционы 44 миллионнан астам жарнаманы өшірді. Мұндай жұмыс одан әрі жалғасады" деді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 637 млрд теңгеден асты

Инвестиция

Temu Венгрияда сатып алушыларға психологиялық қысым көрсеткені үшін айыпталды

Temu

Қазақ тарихы қайта жазылды. Енді оқулықтар өзгере ме?

Сәбитов, Әуеспекова

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс