Референдум Референдум
19 Ақпан 16:38
...

«Google салығы» қазынаны 8,7 млрд теңгеге толықтырды

Салық
Фото: Nege.kz/ЖИ көмегімен жасалған

Қазақстанда шетелдік интернет-платформалар төлейтін «Google салығы» есебінен биыл қаңтарда бюджетке 8,7 млрд теңге түсті. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.

Референдум

Астана, NEGE. Комитет дерегінше, 2022 жылдан бері Қазақстан аумағында электронды сауда жасап, цифрлық форматта қызмет көрсететін шетелдік компаниялар қосылған құн салығын төлеуге міндеттелген. Осы уақыт аралығында шартты тіркеуден өткен 120 шетелдік компания есепке алынған. Оның 22-сі өткен жылы тіркелген.

Жалпы алғанда, «Google салығы» қолданысқа енгізілгелі бюджетке 136 млрд теңге аударылған. Соның ішінде 2025 жылы 57,6 млрд теңге түскен болса, ал биыл қаңтардағы түсім 8,7 млрд теңгені құрады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, салық міндеттемелерінің толық әрі уақытылы орындалуын бақылау үшін екінші деңгейлі банктер мен төлем ұйымдары шартты тіркеуден өткен шетелдік компаниялар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады. Бұл ақпараттар жеке тұлғаларға электронды түрде тауар сату және қызмет көрсету барысында ҚҚС-ның дұрыс есептелуі мен төленуін талдауға мүмкіндік береді.

Банктер мен төлем ұйымдарының деректері шетелдік компаниялар төлеген ҚҚС сомаларымен салыстырылып, соның негізінде камералдық бақылау жүргізіледі. Егер төлемнің толық немесе ішінара жасалмағаны анықталса, салық органдары тиісті хабарламалар жолдайды.

Сонымен қатар, салық кодексінің 89-бабына сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап камералдық бақылау нәтижесінде жіберілген хабарламаларды орындамаған немесе ҚҚС төлеуші ретінде тіркелмеген шетелдік маркетплейстердің интернет-ресурстарын бұғаттау мүмкіндігі қарастырылған.

Аталған шаралар отандық және шетелдік нарық қатысушылары үшін тең бәсекелестік орта қалыптастыруға, цифрлық кеңістіктегі салық тәртібін күшейтуге және көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға бағытталған.

Референдум