USD
USD
USD

Гонконг түрмесінде отырған жерлесіміз кепілдікпен босап шықты

«Гонконгта тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған қазақстандық студент Нүкпи Әбілқайр кепілдікпен босатылды», – деп хабарлайды ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі.

Гонконг түрмесінде отырған жерлесіміз кепілдікпен босап шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 15 қаңтар күні Гонконг сотында Нукпи Әбілқайырдың кепілмен босату туралы үшінші сот отырысы өтті. Оны баптисттік университет ұсынған адвокат қорғады. Қорғаушының келтірген уәждерін ескере отырып, сот А.Нукпиді кепілдікпен босату туралы шешім қабылдады.

Сот шешіміне сәйкес, Нукпи анасымен бірге Баптист университетінің кампусында 26 ақпанда өтетін келесі сот отырысына дейін, белгіленген коменданттық сағатты сақтау үшін тұруға міндетті.

Қазақстан Республикасының Гонконгтағы Бас консулдығы отандасымыздың анасына адвокаттармен келіссөз жүргізуіне, сот отырыстарына қатысып, консулдық және құқықтық көмек көрсету арқылы толық көмек көрсетеді.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 18 қарашасында Гонконгте наразылық білдірушілермен қақтығыс кезінде қазақстандық азамат, Гонконг баптист университетінің бірінші курс студенті Нукпи Әбілқайр тұтқындалған еді. Қазақстандық студенттің алдағы тағдыры ақпанда өтетін сот отырыстарынан кейін, белгілі болады.

Қазір оқып жатыр

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент