USD
USD
USD

Гондурастан АҚШ-қа бет алған мигранттар полициямен қақтығысты

Гондурастан шыққан мыңнан астам мигрант Гватемала шекарасында тәртіп сақшыларымен қақтығысқа түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Гондурастан АҚШ-қа бет алған мигранттар полициямен қақтығысты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Заңсыз кірмелер АҚШ аумағына өтпек болып сапарға шыққан. Жолда Гватемаланың полиция өкілдері карантин талаптарына сай мигранттардың төлқұжатын тексермек болғанда тараптар арасында қақтығыс басталды. Кірмелердің нөпірі күш көрсетіп алдындағы бөгеттен өтіп кеткен. Олар Джо Байденнің сайлауалды уәдесін орындауын талап етіп отыр. Жаңа сайланған АҚШ президенті «Трамптың шекарадағы қауіпсіздік пен көші-қон саясатын қайта қарап, түбегейлі өзгеріс енгіземін» деп сөз берген еді. Енді өзге елдің азаматтары АҚШ аумағына кіруге дәмелі көрінеді.

Қазір оқып жатыр

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy

Каспийдегі сарбаздардың қазасы: әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды

Қанат Ниязбеков