USD
USD
USD

Гондурас пен Тайвань дипломатиялық қарым-қатынасын тоқтатты

Гондурас Сыртқы істер министрлігі Тайваньмен дипломатиялық қарым-қатынасын үзгенін хабарлады. Өз кезегінде аралдың Сыртқы істер министрі Джозеф Ву Тайвань Гондураспен дипломатиялық қарым-қатынасын тоқтатып, елшілігін жауып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гондурас пен Тайвань дипломатиялық қарым-қатынасын тоқтатты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Гондурас әлемде бір ғана Қытайдың бар екенін мойындайды, Қытай үкіметі жалғыз заңды үкімет. Тайвань Қытай территориясының ажырамас бөлігі болып табылады", - делінген ведомство басылымында.

Гондурас үкіметінің Тайваньмен қарым-қатынасы мен байланысын сақтамауға міндеттенетіні атап өтілді.

Тайвань Сыртқы істер министрлігі YouTube арқылы таратылған баспасөз мәслихатына жауап берді.

«Тайвань Сыртқы істер министрлігі Гондурас Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынасты тоқтату, барлық екіжақты ынтымақтастықты тоқтату және елшілікті қайтарып алу туралы шешім қабылдады», - деді У Джозеф.

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров Қазақстан Тайваньды Қытай аумағының ажырамас бөлігі деп санайтынын айтқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ипотеканың бастапқы жарнасы 10 пайызға дейін төмендеуі мүмкін

Ұмай

ҚазҰУ-дағы студент қазасы: проректор мен декан жұмыстан шығарылды

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

2 трлн теңгелік 200 жоба: Қазақстанда қандай кәсіпорындар ашылмақ?

Кәсіпорын

ДСМ антибиотиктерді рецептісіз сатқандарға миллиондап айыппұл салды

Дәріхана