USD
USD
USD

Головкиннің бұрынғы бапкері қызметке тағайындалды

Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері, Аскар Құлыбаевқа жасалған қастандық үшін сотталып шыққан Серік Қалиев кәсіби бокс федерациясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп жазады Telegram-дағы Дядя Ваня арнасы.

instagram.com/rakhimzhan_yerdenbekov
Фото: instagram.com/rakhimzhan_yerdenbekov

Астана, NEGE. Қазақстан кәсіби бокс федерациясы президенті Рахымжан Ерденбеков Серік Қалиевті Федерация президентінің стратегиялық мәселелер жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындаған.

Федерация басшысы бапкердің мол кәсіби тәжірибесі, стратегиялық ойлау қабілеті және спорт жүйесін терең түсінуі «Қазақстанда кәсіби боксты дамытуда маңызды ресурс болатынына» сенім білдірген.

Еске салсақ, 2004 жылғы 12 мамырда Алматының орталығында жарылыс болды. Тергеу дерегінше, аса қауіпті бұл әрекет сол жылдары Қазақстанның әуесқой бокс федерациясының президенті қызметін атқарған Асқар Құлыбаевтың өміріне қастандық жасау мақсатында ұйымдастырылған. Сот процесі барысында қылмысты ұйымдастырушы ретінде ҚӘБФ төрағасының орынбасары Серік Қалиев танылды. Нәтижесінде ол 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын Степногорск, Атбасар және Алматы облысындағы түзеу мекемелерінде өтеп, 2025 жылғы тамызда бостандыққа шықты.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.