USD
USD
USD

Головкинның жекпе-жегін қайдан көруге болады?

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Геннадий Головкинның жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді.

Головкинның жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 9 сәуір күні қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Жапонияның Сайтама қаласында жергілікті Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кәсіпқой рингтегі 44-ші кездесуін өткізеді.

Бұл жекпе-жекте Головкинның IBF, IBO және Муратаның WBA Super чемпиондық белбеулері сарапқа салынады. Кәсіпқой бокс кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталады. Онлайн qazaqstantv және qazsporttv.kz сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы да көрсетіледі.

Бұған дейін аталған айқас DAZN платформасындағы әлемнің 200-ден астам елінде тікелей көрсетілетіндігі (Жапония, Оңтүстік Корея), Қазақстанның қай телеарнасы трансляция жасайтындығы белгісіз болған еді. DAZN трансляциясы Сингапур, Малайзия, Таиланд, Индонезия, Гонконг, Макао, Моңғолия және Филиппин елдерінде эксклюзивті болмайды.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте 45 минут ыстық ұшақта отырған жолаушы FlyArystan-нан 200 мың теңге өндіріп алды

FlyArystan

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат