USD
USD
USD

Головкиннің келесі жекпе-жегі сәуірде өтуі мүмкін

Головкин мен Мурата арасындағы кездесу сәуірде өтуі мүмкін. Бұл жөнінде жапон боксшысының промоутері Акихико Хонда мәлімдеді.

Головкиннің келесі жекпе-жегі сәуірде өтуі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Головкин тарапы біздің елдегі жағдайды түсінеді. Бірақ үмітті үзбейміз. Бұл жекпе-жектің сәуірде ұйымдастырылғанын қалаймын» деді Хонда.

Қос мықты арасындағы айқас желтоқсанда өтуі керек еді. Алайда Жапонияда карантиндік талаптар күшейіп, кеш кейінге қалдырылды.

Алдағы кездесуде 3 бірдей чемпиондық белдік сарапқа салынады. Яғни Генадий Головкин қазір орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем үздігі.

Ал Рета Мурата WBA Super белдігінің иегері. Головкин бүгінге дейін 43 кездесу өткізіп, 41-інде жеңіске жетті. Ал, Муратаның көрсеткіші 18 жекпе-жек, 16 жеңіс.

Қазір оқып жатыр

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар