USD
USD
USD

Головкиннің келесі қарсыласы анықталды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні және кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды. Ол мексикалық Хайме Мунгиямен кездесіп, орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуін қорғайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкиннің келесі қарсыласы анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. RingPolska басылымының мәліметіне сүйенсек, Головкин мексикалық боксшыға қарсы жекпе-жек өткізеді. Кездесу 7 мамырда АҚШ-тың Техас штатында өтеді. Қос тарап бірнеше апта бойы келіссөз жүргізіп жатыр.

Мунгия - бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы. Головкиннің дивизионында екі жекпе-жек өткізген. Ол алдымен ирландиялық Гэри О'Салливанды, кейін багамалық Туреано Джонсонды жеңген.

Головкинге қарсылас болуы мүмкін тағы бір боксшы - WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде. Бірақ, ол міндетті үміткер ұлыбританиялық Лиам Уильямспен жекпе-жек өткізуі керек.

Айта кетейік, Головкин кейінгі жекпе-жегін 2020 жылы желтоқсанда АҚШ-та өткізген болатын. Сол кезде поляк Камил Шереметаны нокаутқа түсіріп, 21-рет әлем чемпионы атағын қорғаған еді.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған