USD
USD
USD

Головкиннің қарсыласына қанша соққы жасағаны белгілі болды

CompuBox-тың статистикасына сәйкес, Головкин 12 раундта 521 соққы жасап, оның 120-сын дәл тигізген (23%). Ал, Альварес 487 жұдырық сілтеп, оның 130-ын дәл тигізген (26,7%).

Головкиннің қарсыласына қанша соққы жасағаны белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бокстағы соққыларды есепке алатын компьютерлік жүйе CompuBox Головкин - Алварес трилогиясының статистикасын жариялады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

12 раундта Головкин қарсыласқа 350 джеб сілтеп, 74-ін дәл тигізген (21.1%). Альварес 270 джеб соққысын жасап, 45-ін тигізген (16,7%).

Ауыр соққылар бойынша, GGG қарсыласына небәрі 171 ауыр соққы жасап, 46-сын дарытқан (26.9%). Ал, «Канело» 217 ауыр соққы бағыттап, 85-ін дәл тигізген (39.2%).

Әр раундтағы соққылар саны бойынша отандасымыз 6 раундта басым болғанымен, дәлдік жағынан қарсыласына жол берді.

Сонымен қатар, boxingscene үш төрешінің ресми ұпай карталарын жариялады.

Үш жекпе-жекте төрешілік еткен Дэйв Моретти 116:112 ұпай беріп, Головкин 4 раунд басым болды деп санайды. Ал, Стив Вайсфельд және Дэвид Сузерленд 115:113 ұпаймен, қазақстандық боксшы 5 раундта жеңіске жетті деп есептейді.

Еске салсақ, Лас-Вегастағы T-Mobile Arena стадионында өткен Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы 12 раундтық бокс жекпе-жегі төрешілердің шешімі бойынша мекискалықтың пайдасына шешілген.

Қазір оқып жатыр

Дания Еспаева: Депутаттардың жалақысы 600 мың теңгеден басталады

жаңа құрам

Пайда жұқарды, бірақ қарыз қалың. Alatau City Bank үшін НЕГЕ уайымдай бастадық?

.

32 мың теңге беріп, 752 мың теңге талап еткен: депутат заңсыз несие берушілерді бақылауға шақырды

несие алу

Депутат туысының бизнесіне қатысты заңға дауыс бере ала ма?

Құрылтай брифингі