USD
USD
USD

Головкин жерлестерін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Аты әлемге мәшһүр боксшы Геннадий Головкин отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Головкин жерлестерін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Құттықтауды боксшы Facebook-парақшасында видео ретінде жариялады. Видеода боксшының Қазақстанның Мемлекеттік Туын желбіретіп, шаршы алаңға шыққан сәттері көрсетілген.

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет атанғанына бүгін 29 жыл толып отыр. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері халық ынтымақтасып, жалпыұлттық, ұлтаралық бірлікті нығайтуға, рухани-мәдени жаңғыруға бет бұрды. Қысқа мерзімде Тәуелсіз Республикамыз совет империясынан мұра болып қалған көптеген өткір де өзекті мәселелердің шешімін тауып, саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени салаларға да реформалар жүргізілді. Бүгін де Қазақстан экономикасы дамыған, бірнеше халықаралық ұйымдардың мүшесі, әлемдік сахнада өзіндік ықпалы бар мемлекетке айналды.

Қазір оқып жатыр

Мұнайдың тағдырын кім шешеді? Экономист Үкіметтің болжамына баға берді

Сапарбай Жұбаев

Volkswagen ондаған мың жұмыс орнын қысқартып, 2030 жылға дейін жалақыны өсірмеуді жоспарлаған

 Volkswagen

Тоқаев әскери әзірлік сапасын арттырып, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды талап етті

Тоқаев, Омарбеков, Савельева

«Санитарлар зорлық-зомбылық көрсеткен»: Аягөзде ерекше балаларды қорлаудың жүзден астам фактісі анықталды

Тәрбиеленуші мен санитар