USD
USD
USD

Головкин мен Канелоның үшінші айқасы кейінге қалды

 Мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес ресейлік Дмитрий Биволдан ойсырай жеңілді.

Головкин мен Канелоның үшінші айқасы кейінге қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Лас-Вегаста (АҚШ) жеңіліп көрмеген WBA чемпионы, ресейлік Дмитрий Бивол (19-0, 11 KO) мен екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы, мексикалық Сауль Альварестің (57-1-2, 39 KO) айқасы өтті. Жекпе-жек ресейліктің жеңісімен аяқталды. Бұл ресейлік чемпионның мансабындағы 20-жеңісі, ол әзірге жеңіліп көрген жоқ. Мексикалық кәсіби мансабында екінші рет жеңілді.

Айқас 12 раундқа созылды. Ресейлік боксшы ұпай санымен жеңді, төрешілер бір ауыздан оған дауыс берді. Айқастан кейін мексикалық бірден реванш сұрап, ресейлік оған келіскен. Альварес осы жолы жеңсе, күзде қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесуі тиіс еді. Енді қыркүйекке Сауль Альварес пен Дмитрий Биволдың жартылай ауыр салмақтағы WBA Super әлем чемпионы титулы үшін реванш айқасы жоспарланған. Бұл дегеніміз қыркүйекке жоспарланған «Канелоның» қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) трилогиясы кейінге қалғанын білдіреді. 

Қазір оқып жатыр

АҚШ соты 75 елдің азаматына иммиграциялық виза беруді тоқтату туралы шешімнің күшін жойды

иммиграциялық виза

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым