USD
USD
USD

Головкин мен Альварес кездесуі қашан өтеді?

Промоутер Эдди Хирн Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің үшінші кездесуі 2020 жылы өтетіні белгілі болғандығын айтты. 

Головкин мен Альварес кездесуі қашан өтеді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Хирннің сөзінше, кездесу қыркүйекте өтеді. Трилогия алдында Головкин наурызда Камил Шереметамен кездеседі. Ал «Канело» мамырда Билли Джо Сондерспен немесе Каллум Смитпен жұдырықтасады.

«Головкинмен байланысты трилогияға келетін болсақ, бұл жерде нақты стратегия бар, оған сәйкес, «Канеломен» кездесу қыркүйекте өтеді. Мен бұған сенімдімін. Бұл кездесуді сіздер 2020 жылы көресіздер. Головкин Деревянченкомен жұдырықтасты, енді ол рингке наурызда оралады, сосын қыркүйекте тағы шығады. «Канело» болса, алдымен Сондерспен немесе Смитпен шығады. Содан соң барып, қыркүйекте Головкинмен кездеседі», – деді Хирн.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары