Головкин командасымен түскен фотосын жариялады
Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдарының чемпионы Геннадий Головкин мен оның командасы теңіз жағасында суретке түсіп, өздерінің тамаша спорттық формасын паш етті. Бұл туралы
Prosports.kz. жазды.
Алматы, NEGE. Калифорниядағы жағажайлардың бірінде Гена, бауыры Максим, қазақстандық боксшы Әли Ахмедов, жаттықтырушы Кристофер Камачо және нутрициолог Джеймс Локвуд фотоға түскен. Бұл фотоны Г.Головкин Инстаграмдағы парақшасына жариялады.
Спортшылардың дене бітімі жұртшылықты таңдандырды. Олардың әбден бабына келгені көрініп тұр. Көргендердің көпшілігі эмоциясын жасыра алмапты.
«Dream Team», – деп жазды ресейлік хоккейші Илья Ковальчук. Қазақстандық боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев, Қанат Ислам и Мадияр Әшкеев те фотоға жазба қалдырған. Бұрынғы регбист, қазіргі актер Кит Мэйсон да тәнті.
Головкин қазір жапон Риото муратамен жұдырықтасуға дайындалып жүр. Егер ол муратаны жеңсе, WBA Super тұжырымының да жеңімпазы атанады. Спорт мамандары бқл кездесуде Генаны фаворит санайды.