USD
USD
USD

Головкин: Келесі жолы да керемет айқас болады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жолы да керемет жекпе-жек болатынын айтты.

Головкин: Келесі жолы да керемет айқас болады
Фото: NEGE.kz

​Алматы, NEGE. Головкин:  IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулының иегері Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жанкүйерлер оның келесі жекпе-жегінен көңілі қалмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін таңертең GGG 14 ай дегенде алғаш рет рингке оралып, поляк Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) жеңді. Осылайша өз дивизионындағы чемпиондық титулдарды рекордтық 21-ші рет қорғады.

Қазақстандық промоутер Эдди Хирн ESPN-ге берген сұхбатында Головкиннің осы жекпе-жектен кейін өз мансабының болашағын өзі анықтайтынын атап өтті. Геннадийдің өзі де үлкен жаңалық болатынын айтты: «Маған сеніңіздер, келесі жолы біз ең керемет жекпе-жек өткіземіз», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Шри-Ланка әуежайында 22 дін қызметкері есірткімен ұсталды

.

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?

авиаотын

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды

Aitu

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

кітап