USD
USD
USD

Головкин қарсыласына тұңғыш рет шапанын жапты

Отандасымыз Геннадий Головкиннің жапондық боксшы мен өткізген жекпе-жегі әлемдік және отандық БАҚ-тың күн тақырыбына айналды. Әсіресе,  қазақ жапаны сөз болып жатыр.  

Головкин қарсыласына тұңғыш рет шапанын жапты
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE.  GGG әдеттегідей рингке шапан жамылып шықты. Тіпті,  жеңістен кейін  берген сұхбатында да шапанын киіп барып сөз сөйледі. 

Жапонияда Геннадий Головкиннің өз шапанын Муратаға жапқаны талқыланып жатыр. «Кімге көңілің толса, соған сыйла» деген тақырыппен nikkansports.com сайты мақала жариялады. 

Материалда қазақстандық боксшының жекпе-жек біткен соң жанкүйерлерге алғыс білдіргені жазылады. Сондай-ақ, Головкиннің өз шапанын қарсыласына жабу себебін боксшының сөзімен түсіндіреді.

«Мурата жүзі жылы, жымиып жүреді. Оған деген жақындықты сезіндім және мен оны қатты құрметтеймін. Мен оны керемет чемпион деп есептеймін. Шапан – қазақтың ұлттық киімі. Оны ең құрметті адамға жабатын дәстүр бар. Сол себепті, оны Муратаға жаптым», - деген Геннадий Головкин.

Ал news.yahoo.co.jp сайты GGG өз шапанын тұңғыш рет қарсыласына сыйлады деген дерек келтіреді.

«Промоутер Том Леффлердің сөзінше, Головкин бірінші рет өз шапанын кигізіп тұр. Ол батыл қарсылық көрсеткен жапон батырына «Бұл менің Муратаға құрметім» дегені», - деп жазыпты.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Жапонияның Сайтама қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаң иесі Риота Муратаны (16-2, 13 КО) 9 раундта нокаутқа жіберген еді .

Қазір оқып жатыр

Шымкентте 45 минут ыстық ұшақта отырған жолаушы FlyArystan-нан 200 мың теңге өндіріп алды

FlyArystan

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат