USD
USD
USD

Головкин – ғасырдың үздік спортшысы

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдарының чемпионы Геннадий Головкин XXI ғасырдың үздік 100 спортшысының қатарына енді. 

Головкин – ғасырдың үздік спортшысы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Marca басылымы XXI ғасырдың үздік 100 спортшысының тізімін жасады. Геннадий Головкинге рейтингіде 77 орын бұйырыпты. Қазақстандық боксшы рейтингіде теннисші Стэн Вавринка, футболшы Лука Модрич, футзалшы Фалькао және боксшы Владимир Кличконың алдын орап кетті.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мансабында 40 жекпе-жекте жеңіске жетсе, біреуінде тең түсіп, біреуінде ұтылған. Сондай-ақ қазақстандық боксшы WBC мен WBA Super белбеулерін иемденген. Қазір оған IBF және IBO тұжырымдарының чемпиондық белбеуі тиесілі.

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

бокаев

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова