USD
USD
USD

Головкин World Boxing ұйымының президенті болып сайланды

Қазақстан тарихында алғаш рет отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқарғалы отыр. Римде өткен Конгресс кезінде Геннадий Головкин ресми түрде World Boxing ұйымының президенті болып сайланды. 

olympic.kz
Фото: olympic.kz

Астана, NEGE. World Boxing – 2023 жылдың сәуірінде құрылған жаңа халықаралық бокс федерациясы. 2024 жылдың қыркүйегінде Головкин осы ұйымның Олимпиадалық комиссиясын басқарды. Ал 2025 жылдың ақпанында Халықаралық Олимпиадалық комитет World Boxing ұйымын уақытша мойындап, боксты әлемдік деңгейде басқару құқығын тапсырды. 

«Мен мұнда бокстың болашағы үшін жұмыс істеуге келдім. Біз спортшылар сенетін, Олимпиадалық қауымдастық құрметтейтін федерацияға айналуымыз керек. Әрбір боксшы әділ әрі қауіпсіз спортта өсіп, дамыса деймін. Біз тәуелсіз боламыз, бірақ Олимпиадалық құндылықтарды құрметтеп, әділдік, теңдік және спортшыны қорғау қағидаларына сай жұмыс істейміз», – деді Геннадий Головкин.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Головкинді жаңа лауазымымен құттықтап, оның еңбегіне жоғары баға берді.

«Бұл – Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды», – деп жазды президент.

Головкиннің өкілеттілігі үш жылға созылады.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.