USD
USD
USD

Головкин президенттік қызметіне ақы алмайды – ҰОК

Геннадий Головкин ҰОК-тің мемлекеттік бюджет ақшасына үміттенбейтінін ашық айтқан. Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратқа қатысты Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми мәлімдемесі жарияланды, деп хабарлайды sn.kz ақпарат порталы.

Спорт
Фото: olympic.kz

Алматы, NEGE. «Геннадий Головкин президенттік қызметті ерікті негізінде атқарады. Оның қызметіне ақша төленбейді. Оның мотивациясының қаражатқа да, саяси мансапқа да қатысы жоқ. Ең алдымен оның жұмысы қазақстандық спортқа қолдау көрсетуге, сондай-ақ, Қазақстан ҰОК-тің халықаралық спорттық қоғамдастық алдындағы беделін нығайтуға бағытталған.

Өз қызметіне кіріскен бойда Геннадий Головкин ҰОК-тің мемлекеттік бюджет ақшасына үміттенбейтінін ашық айтқан. Ұйымның қызметі Г. Головкиннің қатысуымен тартылған демеушілер қаражаты есебінен жүзеге асуда.

Жалған ақпарат таратушылар ҚР заңына сәйкес жауапқа тартылатынын, нақтылап айтар болсақ, ҚР ҚК 274 бабына сай қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын естеріңізге саламыз», - делінген ҰОК хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Көкшетаудағы екі сот қызметкерінің өлімі арасында байланыс бар-жоғын полиция тексеріп жатыр

Ақан Дайыркен мен Аян Дүйсеков

Назарбаевтар отбасымен құдандалы болған экс-премьер түрмеден үйқамаққа ауысты

Наджиб Разак

«Күйеуім сектаның ықпалынан шыға алмай жүр»: Нұртас Адамбайдың жұбайы дабыл қақты

Нұртас Адамбай мен жары Ғалия

Цифрлық даму министрлігі «Яндекстің» бес компаниясын тексермек

Яндекс