Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Голливуд антирекорд орнатты

Голливуд киноиндустриясы жаңа антирекорд орнатты, - деп хабарлайды FilmLA ұйымының ресми сайты.

Голливуд антирекорд орнатты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. FilmLA коммерциялық емес ұйымы CОVID-19 пандемиясының Голливуд кино экономикасына әсері туралы есеп жариялады.

Көрсеткіштерге сәйкес, 2020 жылы аймақтағы түсірілім күндерінің жалпы саны 48 пайызға, яғни 18 мыңға азайған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда екі есе аз. Сарапшылар бұл соңғы 25 жылдағы ең төмен көрсеткіш екенін атап өтті.

COVID-19-дың жергілікті кино өндірісі мен жұмыс орына әсері орасан зор. Өндіріс тоқтап, сала жұмысы баяулағандықтан, жалпы жылдық өндіріс бұрын-соңды болмаған төмен деңгейге жетті», - деді FilmLA басшысы Пол Одли.

Сондай-ақ, есепте коронавирус пандемиясына байланысты Лос-Анджелестегі кино өндірісі 87 күнге толығымен тоқтағаны көрсетілген. Наурыздың ортасынан 2020 жылдың аяғына дейін шамамен 198 тұрақты жоба мен 57 пилоттық жобаны жабуға мәжбүр болды. Көптеген жоба кестелері 2020 жылдың күзіне дейін кейінге қалды және 2021 жылға ауысты.

Голливудтық киностудиялар вакцинация бағдарламасының жүзеге асуы фильмдер мен сериалдарды түсіруді қайта бастауға мүмкіндік береді деген үмітте.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық