USD
USD
USD

«Golden Empire» деректі-драмалық сериалының түсірілімі наурызда басталады

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин «Golden Empire» деректі-драмалық сериалының түсіріліміне дайындық жұмыстарымен танысты. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Сериал
Фото: ғаламтордан

Астана NEGE. «Nomad Stunts базасында «Golden Empire» деректі-драмалық сериалының түсіріліміне дайындық жұмыстарымен танысуға мүмкіндік туды. Мұнда каскадерлер тобы қарқынды жұмыс істеп, қару қолдану арқылы күрделі шайқасқа толы тарихи көріністерді пысықтап жатыр.

Nomad Stunts каскадерлер командасы Netflix-тің «Марко Поло», Disney-дің «Мулан», Apple Studios-тың «Наполеон» және басқа да көптеген жобаға қатысқан.

Сондай-ақ жобаның режиссері Эмре Сахинмен сұхбаттастым. Ол Netflix, National Geographic секілді ірі платформалармен бірге тарихи жобаларды жасап, бірегей тәжірибе жинақтаған. Оның командасы жобаны жүзеге асыруға қатысты шығармашылық тәсілдері туралы әңгімелеп берді.

Сериалдың түсірілімі Қазақстанда наурыз айында басталады», – деп жазды Е.Қарин.

Қазір оқып жатыр

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары