Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Гитлер билікке келді

Адольф Гитлер Уунона жергілікті кеңес сайлауында жеңіске жетті. Бұл туралы жергілікті Eagle FM Namibia радиосы Twitter-де хабарлады.

Гитлер билікке келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Белгілі болғандай, Адольф Гитлер Омпунджа елді мекенінде (Ошану аймағы) билеуші СВАПО партиясынан (Оңтүстік-Батыс Африканың халықтық ұйымы) сынға түскен. Bild басылымы мәліметінше, саясаткердің нацистік идеологияға ешқандай қатысы жоқ.

«Менің әкем Адольф Гитлердің не істегенін түсінбеген шығар», - деді Уунона. Оның айтуынша, бала кезінде ол өзінің есімін қалыпты деп санаған. Алайда жасөспірім кезінде Адольф Гитлердің бүкіл әлемді жаулап алғысы келгенін біліпті. Ал Намибия ондай қадам жасауға ұмтылмайды.

1884 жылдан бастап Намибия неміс отары болды. 1915 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Намибия территориясын Оңтүстік Африка Одағы әскерлері басып алды. Намибия тәуелсіздігін 1990 жылы 21 наурызда алды.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық