USD
USD
USD

Гималайда қаза тапқандар саны 126-ға жетті

Қалың қардың салдарынан Гималай тауларында көшкін жүріп,  Ауғанстан мен Пәкістанда 70 адам көз жұмған. Бұл туралы қос ел биілігінің ақпаратына сүйене отырып Associated Press хабарлады.

Гималайда қаза тапқандар саны 126-ға жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қар көшкіні Пәкістан бақылауындағы Кашмирде 55 адамның өмірін қиды, ал көршілес Ауғанстанда 15 адам қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Жексенбіден бастап бұл аймақта қар тоқтамай тұр. Метеорологтар күн ашылмаса, апатты жағдайлар көбейеді деп болжайды. Өйткені жексенбіден бері оқтын-оқтын болған қар көшкінінен қайтыс болғандар саны 126-ға жеткен. Бір ғана Нилум аңғарындағы көшкін 41 адамның өмірін жалмады. Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Балучистан провинциясында 20 адам қар астында қалып қойды. Ауғанстанның Табиғи апаттарды басқару департаменті бір түнде 15 адамның қаза болғанын растады, бұл ауа-райының қолайсыздығынан көз жұмғандар саны жексенбіден бері 39-ға жеткенін көрсетеді.

Кашмирдегі төтенше жағдайлар министрі Ахмад Раза Кадри зардап шеккен аудандарда төтенше жағдай жариялады. Қазір қар құрсауында аман қалғандар тікұшақпен эвакуацияланып жатыр.

Қазір оқып жатыр

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс