USD
USD
USD

Ғылыми қызметкер зілзала зардабын азайтатын құрылыс затын шығарды

Тараздық ғылыми қызметкер зілзала зардабын азайтатын құрылыс затын шығарды. 

Ғылыми қызметкер зілзала зардабын азайтатын құрылыс затын шығарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тараздық ғылыми қызметкерлер зілзала зардабын едәуір азайтатын құрылыс заттарын ойлап тапты. Өңірлік университетте жұмыс істейтін ғалым талшықты бетон жасаған. Ерекшелігі соққыға төзімді, жарылып кетпейді. Бетон ішіне темір қалдықтары мен сымдар қосылған. Ал екінші ғалым ғимарат іргетасына орнатылатын қаданың екі түрін шығарды. Пішіні де қолданыстағы тік бағаннан өзгеше. Бірі пирамидалы-призмалы болса, кейінгісінің кеңейтілген бөліктері бар. Сейсмикалық соққыға төзімді бағандар 5 есеге дейін жүк көтереді.

Нұржан Шаншабаев, ғылыми қызметкер:

- Құрылысқа кететін жұмыс уақытын қысқартады. Сонымен қатар экономикалық жағынан да тиімді болып келеді. Жер сілкінісі кездерінде жерге қағылған қадаларда суырып алу жүктемесі пайда болады. Сол жүктемелерге біздің зерттеліп жатқан қадаларымыз  жақсы төтеп бере алады. 

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе