2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Ғылыми басылымдарға жаңа талаптар қойылып отыр

Ғылыми басылымдарға қойылатын талаптар өзгерді. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды.

Ғылыми басылымдарға жаңа талаптар қойылып отыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізілді. Қазіргі уақытта бұл тізімге негізінен формалды өлшемдер бойынша іріктеп алынған 177 басылым кіреді. «Сондықтан қолданыстағы критерийлерді халықаралық талаптарға бейімдеу бойынша жұмыс басталды. Мәселен, 2 рет сырттай рецензиялау, нақты редакциялау саясаты, жарияланым мазмұны мен басылымдардардың бағыттық сәйкестігі, шетелдік мамандардың рецензиялары, өзгенің жазбасын пайдалануды тексеру, барлық жарияланым шарасының ашықтығы, мықты редакция алқасы, жарияланымдарды жіберу және рецензиялаудың онлайн жүйесі, әдеп пен академиялық адалдық бойынша талаптар және тағы сол сияқтылар. Көрсетілген тізбеге кіретін отандық басылымдарға осы талаптар біртіндеп қойылады», - деп жазады министр. Оның айтуынша, осының нәтижесінде басылымдардың саны емес, сапасына мән беріледі, сапалы контент үшін бәсеке артады және халықаралық деңгейдегі ғылыми басылымдарды шығарудың кәсіби академиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді деп ойлаймын. «Сондай-ақ отандық журналдарды Scopus және Web of Science халықаралық базасына енгізу үшін, ғылыми журналдарға қаржылай қолдау көрсетіп, демеу беру мақсатымен конкурс жариялауды жоспарлап отырмыз» деп түйіндеді Асхат Аймағамбетов.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер