USD
USD
USD

Ғылыми-зерттеу институттары резидент дәрігерлерді өз бетінше дайындай алады

Мәжіліс денсаулық сақтау, ойын бизнесі және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады.

Дәрігер
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Түзетудің бірінші оқылымы 2024 жылғы 25 желтоқсанда өтті. Заң аясында Денсаулық сақтау министрлігінің жекелеген құзыреттері оларды оңтайландыру мақсатымен нормативтік құқықтық актілерге беріледі.

Атап айтқанда, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстен уәкілетті органның нұсқаулықтарды, алгоритмдерді, ережелер мен көрсеткіштерді қалыптастыру әдістерін әзірлеу және бекіту, сондай-ақ денсаулық сақтау саласына мониторинг жүргізу сияқты құзыреттерді заңнамалық реттеу алынып тасталады.

Мәжіліс депутаттарының бастамасымен Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы ғылыми-зерттеу институттарына резидентура бағдарламалары бойынша оқытуды өз бетінше жүзеге асыру, ал бейінді бағыттар бойынша докторантураны даярлау бағдарламаларын медициналық жоғары оқу орындарымен бірлесіп оқыту құқығы беріледі.

Сонымен қатар құқықтық нормаларды құқықтық технологияға сәйкестендіру үшін редакциялық түзетулер енгізіледі.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында шенеунік жол жөндеуге бөлінген 78 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

сыйақы

«Қамтамасыз етуде мәселе жоқ»: «СК-Фармация» басшысы Әбеновтің мәлімдемесіне жауап берді

сапасы

Алматыда «Ұмай» ипотекасы дүрбелең туғызды: Отбасы банк себебін түсіндірді

кезекте тұрған әйелдер

Иран азаматы асқазанындағы 113 капсула апиынмен Қазақстан аумағына кірмек болған

Күдікті