USD
USD
USD

Ғылым министрі 1-курс студенттеріне кеңес берді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 1-ші курс студенттеріне үш кеңесін берді.

Грант
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. «Біріншісі — оқу процесі. Соны аяққа тұрғызып алыңыз. Осы қатені көп адам жасайды, мен де жасадым — жаңа қалаға келіп жоғалып кеттік. Бірінші жыл өте маңызды. Оқу процесін әу бастан дұрыс жолға қоймасаңыздар, одан кейін қордаланып қалады, екінші, үшінші семестрде қиын болады», — дейді министр.

Саясат Нұрбек айтқан екінші кеңес — ақпаратпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

«Қазір ақпарат өте көп. Кез келген дәрістен шыққан соң, бірнеше слайд, бірнеше кітап пен сілтеме болады. Оны жүйеге келтіретін өз тәртібіңіз болуы керек. Сондықтан цифрлық тәртіп немесе цифрлық қауіпсіздік өте маңызды. Үшінші кеңес — денсаулық. Тамағыңызды, күндік тәртібіңізді, денсаулығыңызды, су мен тамақ сапасын мұқият қараңыз. Сіздің денсаулығыңыз — тек қана сіздің жауапкершілігіңіз», — дейді Ғылым министрі.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай