USD
USD
USD

Ғылым қорынан миллиондап қаржы жымқыру схемасы әшкереленді: күдікті қамауға алынды

Алматыда «Ғылым қоры» АҚ-ның ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға бөлген қаражатын жымқыру дерегі бойынша «Bal halal» ЖШС директорына қатысты тергеу аяқталды.

ҚМА қызметкері
Фото: ҚМА

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Тергеу дерегінше, 2023-2024 жылдары «Bal halal» ЖШС төрт жобаны іске асыру үшін 1,15 млрд теңге алған. Жобалар аясында өсімдік шикізатынан инновациялық макарон өнімдері мен микронутриенттермен байытылған ұн өндіру жоспарланған. Бөлінген қаржыға қажетті құрал-жабдықтар сатып алу, өндіріс орындарын дайындау, шикізат пен қосалқы бөлшектер алу, жабдықтарды орнату және өнім шығаруды жолға қою көзделген.

Алайда тергеу барысында сатып алынған жабдықтардың жобаларда көрсетілген өнімдерді өндіруге жарамсыз екені анықталған.

«Қаражатты заңсыз шығару үшін күдіктімен байланысы бар адамдардың атына тіркелген "SMART 15" ЖШС пайдаланылған. Жабдық сатып алу мен түрлі қызметтердің ақысын төлеу деген желеумен осы компанияның есепшоттарына 736,4 млн теңге аударылған», – делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ бұл іске «Фабрика рекламы Шымкент», «Jana tan» ЖШС-тері, «Sisters Brand KZ» жеке кәсіпкерлігі және өзге де кәсіпкерлік субъектілері тартылған.

Жобалардың орындалуын бақылау да қағаз жүзінде ғана жүргізілген. ҚМА ақпаратынша, мониторинг актілері өндіріс орындарына бармай, атқарылған жұмыстарды тексермей жасалған. Құжаттарды «Bal halal» ЖШС қызметкерлері әзірлеп, мониторинг топтарының мүшелері қол қойған. Осылайша мемлекет қаржысының мақсатты жұмсалуы бақыланып жатқандай көрсетілген.

«Тергеу дерегінше, күдікті заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырылған қаражаттың 88,5 млн теңгесін заңдастыру мақсатында «Bal halal» ЖШС-нің банк шоттарына қайта енгізген. Ол бұл соманы жобаларды бірлесіп қаржыландыруға салған өз қаражаты ретінде көрсеткен. Салдарынан мемлекетке келтірілген жалпы шығын 945 млн теңгеге жеткен», – деп хабарлады ҚМА.

Күдікті қамауға алынды. Сот санкциясымен оның жалпы құны 830 млн теңге болатын мүлкіне тыйым салынды. Оның ішінде бес жер телімі, төрт автокөлік, Астанадағы пәтер, коммерциялық нысан және зергерлік бұйымдар бар.

Қазір оқып жатыр

Көкшетаудағы екі сот қызметкерінің өлімі: полиция бір іс тоқтатылғанын хабарлады

Аян Дүйсеков

ҰҚК Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиевтің ұсталғанын растады

Жақыпов, Отышниев

«Ақшаны қайтарыңдар»: Павлодар әкімдігі әлеуметтік төлемге қатысты түсініктеме берді

Мүгедек бала

Астанада чемодандардан долларлар шашылды

Астанада аулада шашылып жатқан доллар