Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

GGG мен "Канело" трилогиясы қашан?

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес FightHype-ке берген сұхбатында компанияның басты жұлдызы Сауль Альваресті рингте кіммен көргісі келетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

GGG мен "Канело" трилогиясы қашан?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Бұл – GGG. Олар жақсы әрі жақын екі жекпе-жек өткізді, стильдерінің арқасында фанаттарға ұнады. Онда көптеген әрекет пен бақталастық болды, бір-біріне жақсы соққылары тиді. Жарқын жекпе-жек шықты. Себебі екеуі бір-біріне ыңғайлы", – деді Гомес. 

Алайда Альварестің өзі Головкинмен трилогия өткізуге ниетті емес. Айтуынша, қазақстандық боксшы енді оған сынақ бола алмайды. 

Боксшылар Лас-Вегаста екі рет жұдырықтасқан: 2017 жылы қыркүйекте тең есеп тіркелсе, бір жылдан кейін "Канело" төрешілер шешімімен жеңген.  DAZN стриминг сервисі де Альварес пен Головкин арасындағы үшінші жекпе-жекті өткізуді қалайды. Боксшылар 2019 жылы қыркүйекте жұдырықтасады деген жоспар болған, бірақ мексикалық одан бас тартқан еді.
 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев