Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

GGG Таиландта дауыс берді

Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы, «World Boxing» ұйымының президенті Геннадий Головкин Таиланд астанасы Бангкок қаласында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда дауыс берді.

GGG
Фото: СІМ баспасөз қызметі

Астана, NEGE. GGG қазіргі уақытта World Boxing Futures Cup 2026 халықаралық турниріне қатысу үшін Бангкок қаласында жүр. Сондықтан ол Қазақстанның Таиландтағы елшілігі жанындағы №453 референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

Дауыс бергеннен кейін Геннадий Головкин азаматтардың ел үшін маңызды шешімдерді қабылдауға қатысуы аса маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, республикалық референдум мемлекеттің одан әрі дамуы мен нығаюында маңызды рөл атқарады.

Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау-қабылдамау мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс беру басталды. Референдум күні еліміз бойынша барлығы 10 402 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Учаскелер таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін ашық болады. Сонымен қатар Қазақстанның 54 елдегі шетелдік өкілдіктері жанынан 71 учаске ұйымдастырылған.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, ел бойынша 12 461 796 азамат дауыс беруші ретінде тіркелген.

Қазір оқып жатыр

Блогер Қайсар Камза Вьетнамнан Қазақстанға жеткізіліп жатыр

Қайсар Қамза

FIFA 4,2 млрд долларлық жобаға байланысты кешірім сұрады

Джанни Инфантино

Теледебат кезінде депутаттыққа кандидатқа Ленин туралы сұрақ қойылды

Бейбіт Құсайынов

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.