USD
USD
USD

GGG мен Шайдоров Олимпиадада Софья Самоделкинаны туған күнімен құттықтады

Софья Самоделкинаның Олимпиададағы дебюті туған күнімен тұспа-тұс келді.

 Софья Самоделкина
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Астана, NEGE. Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин мен Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Милан Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаны 19 жасқа толған туған күнімен құттықтады. 

Құттықтау сәтінің видеосы Instagram желісінде жарияланды. 

Головкин Самоделкинаға гүл шоғын сыйлап, ақыл-кеңесін айтса, Шайдоров оны құшақтап, туған күнімен және Олимпиадада сәтті өнер көрсетуімен құттықтады.

Айта кетейік, биылғы қысқы Олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы сайыста Қазақстан намысын Софья Самоделкина қорғап, жалпы есепте 10-орынды иеленді. Мәнерлеп сырғанаушы қысқа бағдарламадан кейін 12-орында тұрған еді. Еркін бағдарламада Самоделкина төрешілердің шешімімен 138.99 ұпай жинады. Қос бағдарлама қорытындысы бойынша ол 207.46 ұпай еншілеп, жеке рекордын жаңартты.

Қазір оқып жатыр

Абзал Құспан Құрылтайға неге өтпеді және ендігі жоспары қандай?

Абзал Құспан

Әділет министрлігі NCOC-тың айыппұлға қатысты мәлімдемесіне түсініктеме берді

экологиялық айыппұл

Рақымшылық аясында жалпы сомасы 22 млрд теңгеден асатын айыппұлдар кешірілді

әкімшілік айыппұл

Тоқаев: «Қытай Қазақстан экономикасына 30 млрд доллардан астам инвестиция салды»

Қытай